Казахстан - инициатива развития рынка ветроэнергии, документы, новости, законодательство: Жаңалықтар : : ҚР индустрия және жаңа техгнологиялар министрлігі мен БҰҰДБ бірлесіп Қазақстан аймақтарында жаңармалы энергия көздерін (ЖЭК) дамыту жөнінде семинар өткізді.
БҰҰ Дамыту Бағдарламасы
www.undp.kz


На главную (п)Отправить сообщение (п)Карта сайта
КАЗАХСТАНСКАЯ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИЧЕСКАЯ АССОЦИАЦИЯ
Комитет по Возобновляемым Источникам Энергии

Жаңалықтар

17 февраля 2011
ҚР индустрия және жаңа техгнологиялар министрлігі мен БҰҰДБ бірлесіп Қазақстан аймақтарында жаңармалы энергия көздерін (ЖЭК) дамыту жөнінде семинар өткізді.

Қазақстан өлкелері мен аймақтарында жаңармалы энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бойынша ҚР индустрия және жаңа техгнологиялар министрлігі және ҚР Үкіметінің, БҰҰДБ мен «Қазақстан - жел энергетикасы нарығын дамыту бастамасы» Ғаламдық Экологиялық Қордың бірлескен жобасымен уйымдастырылған семинар өтті. Семинарға қалалық және облыстық энергетика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары  басқармалар өкілдері, мемлекет өкілдері мен инвесторлар қатысты. Басқармалар өкілдерінің айтуынша, ЖЭК дамыту жобаларын іске асыруда әлеуетті инвесторлармен жумыс істегенде әр түрлі мәселелер сөз болады. Әзірше ең қиын мәселе – инвесторларға жер беру. Біріншіден, оның меншік иелері бар болғандықтан, екіншіден, жер ерекшелеріне байланысты. Энергияны таратушы компаниялардың ЖЭК өндіретін қуатты алуға құлықсыздығы да себеп. Дегенмен индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде ҚР ЖЭК-ты қолдау туралы заң бойынша энергия таратушы компаниялар ЖЭКтан шығарылған энергияны сатып алуға міндетті деп мәлімдеді. Жел электростанциялары құрылыс жобаларын iске асыруда басты қиындық жобалаушылардың тиiстi тәжiрибесінің  жоқтығында болып тұр. Семинарға қатысушылар осыған байланысты бiр үлгiдегi жобалық компаниялар жасауды ұсынды. Сонымен қатар әкiмшiлiктердiң өкiлдерi фермер шаруашылықтарының болуы ықтимал шығындарын инвесторлар толеу қажеттiгінлігі туралы ұсынды.  Ал инвесторлар жобаны іске асыру барысында жер учаскесін пайдалану құқығынан айырылып қаламыз ба деп қауіптенеді. Сонымен бiрге инвесторлар инвестициялық зерттеулерді жеңiлдететiн зерттеулер өткiзуiде БҰҰДБның атқарар айырықша рөлiн атап өттi. Академик Ш.Ч.Чокин атындағы қазақстандық ғылыми зерттеу институты БҰҰДБның тапсырысы бойынша әлеуетті инвесторлар үшiн анықтама жобасын жасады. Семинарға қатысушылар осы анықтама кітапшасының кемшіліктеріне назар аударды, кітапшаның соңғы нұсқасында бұл ескертулер түзетіледі.

 

Нәтижесінде ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің инвестициялар комитеттi инвестициялық преференцияларды жарық етті.  Бағдарлама бойынша инвесторлар мемлекеттiк табиғи гранттарды пайдалана алады және кеден баждарынан босатылады.

 

 

 

Все новости