Казахстан - инициатива развития рынка ветроэнергии, документы, новости, законодательство: Жаңалықтар : : Жамбыл облысында жел электр стансасының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асырудың басталуы
БҰҰ Дамыту Бағдарламасы
www.undp.kz


На главную (п)Отправить сообщение (п)Карта сайта
КАЗАХСТАНСКАЯ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИЧЕСКАЯ АССОЦИАЦИЯ
Комитет по Возобновляемым Источникам Энергии

Жаңалықтар

25 марта 2011
Жамбыл облысында жел электр стансасының құрылысы бойынша жобаны жүзеге асырудың басталуы

Облыс әкімдігі мен инвестор «Central Asia Grееn Power» және «ЖЭС» ЖШС-і, «КЕGОК» АҚ араларында облыста жаңартылған энергия көздерін дамыту туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Құжатқа Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев және жоғарыда көрсетілген компаниялардың басшылары қол қойды.
Қазақстанның энергия жүйесіндегі энергия тапшылығын сезінетін Оңтүстік өңір құрамына енетін Жамбыл аймағында жаңғыртылатын энергия көздерін дамыту мақсатында еліміздегі ең ірі жобалардың бірі — 400 МВт- тық және 200 МВт-тық Жаңатас және Шоқпар жел электр стансаларының құрылысы жобаларын жүзеге асыру басталды.
Қол қойылған Меморандумға қарай, инвестор Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемені талдап жасайды және өз қаржысы мен заемдық қаражат арқылы Жаңатас және Шоқпар жел электр стансаларының құрылысын салу және пайдалануға беру жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау туралы» Заңына сәйкес Меморандумда «ЖЭЖ» ЖШС-і және «КЕGОК» АҚ электр энергиясы жүйелеріндегі нормативтік шығындарды өтеу үшін Жаңатас және Шоқпар жел электр стансаларының электр энергияларын сатып алу қарастырылуда.
Инвестордың айтуына қарағанда, Жаңатас және Шоқпар жел электр стансалар құрылысына 1 миллиард АҚШ доллары қажет, жобаның жүзеге асырылу мерзімі екі жыл.
«Central Asia Grееn Power» компаниясы тобы жобаның инвесторы, «Religһt Grouр» (Турция) компаниясы қатысушы болып табылады. Олардың 7 000 МВт-тан астам қуаттағы жаңартылатын энергия көздері жобаларын жүзеге асырудағы тәжірибелері бар, сондай-ақ «Visоr» компаниясы Орта Азия және Қазақстандағы жетекші инвесторлардың бірі. «Visоr» компаниясы экономиканың түрлі секторларын, оның ішінде телекоммуникация, мұнай-газ және фармацептикалық секторларды инвестициялайды, қаржылық қызмет көрсетеді.

 

Все новости