Казахстан - инициатива развития рынка ветроэнергии, документы, новости, законодательство: Жаңалықтар : : Орталық Азия және ТМД елдерiндегi жаңармалы энергия көздерін дамытуы бойынша аймақтық конференция Астанада жумысын аяқтады.
БҰҰ Дамыту Бағдарламасы
www.undp.kz


На главную (п)Отправить сообщение (п)Карта сайта
КАЗАХСТАНСКАЯ ЭЛЕКТРОЭНЕРГЕТИЧЕСКАЯ АССОЦИАЦИЯ
Комитет по Возобновляемым Источникам Энергии

Жаңалықтар

13 мая 2011
Орталық Азия және ТМД елдерiндегi жаңармалы энергия көздерін дамытуы бойынша аймақтық конференция Астанада жумысын аяқтады.

Конференция БҰҰДБ «Қазақстан - жел энергетикасы нарығын дамыту бастамасы» жобаның көп жылдық жұмысы қорытындысын, тәжiрибе және жобаның сабақтарын   шығарды.

 

ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, жобаның ұлттық директоры  Дүйсенбай Тұрғанов Қазақстандағы БҰҰ ДБмен бiрлескен жұмыстың негiзгi нәтижелерiн атап өттi. DSCN2701Жел әлеуетін  алдын ала зерттеу жұмыстары Қазақстан өлкелерiндегi жел энергетиканың дамытуы үшiн алаңдарды анықтауға мүмкiндiк бердi. 15 алаңдарда желдiң жылдық мәлiметтер алынған, желдiң ауа райы бойынша деректер қоры ұйымдастырылған. Мәлiметтердiң нәтижелерi бойынша әлеуетті инвесторларға жел энергетика жобалардың iске асыруы үшiн инвестиция алдындағы зерттеулер жасалған. БҰҰ ДБ жобасы Қазақстандағы Жел Атласын жасады.

 

Қазақстандағы БҰҰ ДБ тұрақты өкiлі Стивен Тул  республиканың жел энергетикасын дамыту төңiрегiнде бөгеулерді жою немесе азайтуда БҰҰ ДБ жобаның маңызды рөлiн атап өттi.  Халықаралық сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы жел бақтар жобаларың  iске асыру пайдасы  көп - 2030 жылға деiң 4.2 миллион тонн Со2 эквивалент парник газдары тастауларын төмендету, 10 миллиард АҚШ доллар және қосымша салық түсімдер, 1500 жұмыс орындарын жасау, сонымен бiрге ауылшаруашылық жерлерді дамыту. DSCN2770

 

 Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінде Қазақстан парник газдары тастаулары  бойынша Орталық Азия өлкесiнде бiрiншi орында орналасады деп мәлімдейді. 2009 жылы Киот хаттамасына сәйкес Қазақстан Республикасы парник газдары қалдықтарын 2020 жылға дейін 15 пайызға  және  2050 жылға дейін 25 пайызға төмендету бойынша  міндеттеме алды. Жаңармалы энергия дамытуы “таза” энергияны өндіру және қоршаған ортаға жүктеменiң төмендетуiнде нақты шара болып табылады.

 

Конференцияда Астана қаласында «Болашақ қуаты» тақырыбы бойынша EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге Қазақстанның ниетін көрсету туралы жеке мәселе тұрды. Өз сөзінде ҚР ЭДСМ  Сауда Комитетінің төрағасы  Айдар Қазыбаев Қазақстан бастамасының маңыздылығы мен Астананың әлемнің үздік игерулері мен баламалы энегрия көздері және энергия қуатын сақтау саласын паш етуге алаң болу мүмкіндігін атап айтты. Сондай-ақ, Астанада EXPO-2017 өткізу, мамандардың пікірінше  100-ге жуық ел және халықаралық ұйымдар қатысады, әлемдік қауымдастықта әлеуметтік жауапкершілікті және қарқынды даму жолындағы мемлекет ретінде Қазақстанның танымалдылығы мен беделін көтеретіндігі баса аталды. DSCN2725

 

Конференцияға 17 елдерден мемлекеттiк органдардың өкiлдері, энергетика төңiрегiдегi сарапшылар, ұлттық компаниялар, жоғары оқу орындары, жобалық институттың өкілдері және әлеутті инвесторлар қатысты. Екі куннің ішінде 30 баяндамалар жасалды. Баяндамалармен жобаның сайтында, “События “бөлімінде танысуға болады.  (http://www.windenergy.kz/conference.html )

Все новости